Түркістан мектептерінде Тәкен Әлімқұловтың шығармалары насихатталды
Елімізде жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Кітапхана саласының қызметкерлері негізінен қаламгерлер еңбегін оқырманға насихаттап жатады. Түркістан төрінде де бұл бастама жалғасып келеді. Екінші кезеңінде қазақтың көрнекті жазушысы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары оқуға ұсынылды.
Бұл жолы кітапханашылар Түркістан қаласындағы Сабыр Рахимов атындағы жалпы орта мектеп оқушыларына жазушының «Телқоңыр» әңгімесін таныстырды. Кездесу барысында жас оқырмандар Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат алып, автордың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі жөнінде мәліметтермен танысты.
«Шараның мақсаты – жас ұрпақты кітап оқуға баулу, қазақ әдебиетінің классикалық туындыларын насихаттау және оқуға деген қызығушылықты арттыру. Кітап – рухани қазына, пл оқу – рухани дамудың бастауы!» дейді кітапханашылар. Сонымен қатар бұған дейін де қаладағы бірнеше білім ошақтарында өткізілгенін тілге тиек етті.
Түркістан қаласы

