ТҮРҒЫНДАР КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚОЗҒАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасын іске асыру бүгінгі қоғам талабы.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматтар түрлі мәселелер бойынша өтініштерін білдірді. Басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу сынды сұрақтарымен қайырылды.
Тұрғындардың тілегін тыңдаған Жанғозы Өмірғалиұлы мәселелердің шешілуін заң талаптарына сәйкес түсіндіріп, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді. Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы