Тұңғыш перфомансты батысқазақстандықтар қолға алды

Елімізде алғаш рет перфоманс бағытындағыбейнебаянды батысқазақстандық өнер ұжымы жарыққашығарды.

Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрдің музыкалық картинасы «999 сөз» деген атауды иеленген. Бұл оркестр ұжымының 10 жылдық мерейтойға және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көрерменге тартуы. Жалпы, өнердің авангардтық бағыты, «перфоманс» термині алғаш рет композитор Дж. Кейдждің 1952 жылғы концертінің афишасында қолданылған екен. Бейне-арт стиліндегі туындыға

Билл Уйлленнің «Танец огня»  музыкасы арқау болған. Перфоманс авторы әрі бейнебаян режиссері Гауһар Адай.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы