«Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық байқауының  облыстық кезеңі өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Ер Едіге» жырын жатқа айту бойынша облыстық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтті.

Облыстық байқауға Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ақтоғай, Абай, Шет аудандары мен Қарағанды, Приозерск, Шахтинск, Жезқазған, Темиртау, Балқаш қалаларынан, Жамбыл атындағы, «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатынан жалпы саны 20 оқушы қатысты.

Облыстық байқаудан 1 орын алған Қарағанды қаласы, «№86 ЖББМ» КММ, 7 сынып оқушысы Сабина Аманбекова республикалық кезеңге жолдама алды. Жүлделі орынға ие болған оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

 

Жомарт Шаймұрат