ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

Әр жылдары мектеп бітірген түлектер соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында ауыл­­­­ды көр­кейтуге атсалысып, түрлі жобаларды іске асырып жататыны белгілі.
Биыл да мектеп бітіргендеріне 20, 30, 40, 50 жыл болған түлектер игі істен қалыс қалмады.

1984 жылғы түлектер Мешіт аумағын абаттандырып тал дарақтар ексе, 1974 жылғы түлектер өздері білім алған мектептеріне музыкалық аппарат сыйға тартты.
1994 жылғы түлектер Ы. Алтынсарин мектебін абаттандырып, егілген тал дарақтарды суландыру үшін, ұңғыма (скважина) қазып берді.
2004 жылғы түлектер ауылымыздың төл құжатын орнатып берді. Ауыл үшін аянбай, игі істің басынан табылған түлектерге алғыс білдіреміз!
Ақкөл ауылдық округі