Туған елден көмегін аямаған Тобылдықтар

18 мамыр күні Астанадағы ОКҚ да Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы туралы» баспасөз конференциясы болып өткен еді.

Бағдарламаны сапалы іске асыруды қамтамасыз ету үшін облыста Өңірлік комиссия, Сарапшылар кеңесі, арнайы жобалар бойынша жұмыс топтары, Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайтын өңірлік Жобалық кеңсе жұмыс істейді екен. 2017 жылы Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға жалпы құны 2723 млн. теңге болатын 24 кіші жоба, 339 іс-шара бағытталды, соның ішінде жергілікті бюджеттен – 29 млн. теңге, меценаттар есебінен – 2694 млн. теңге. Биылғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы құны 4586,5 млн.теңгені құрайтын 85 жоба, 46 кіші жоба, 801 іс-шара іске асырылуда,соның ішінде жергілікті бюджеттен–270,5 млн. теңге, меценаттар есебінен – 4316 млн. Теңге қаражат ажыратылған екен. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының шеңберінде білім беру мекемелерінде де қарқынды жұмыстар атқарылған. «Бұл бағыттағы біздің мақсатымыз – бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан, білім беру саласында цифрландыруға басымдылық беріліп отыр»- дейді Архимед Мұхамбетов.

Облыс мектептерінде 100-ден астам мектеп музейлері жұмыс істейді, 87 іздеу отряды құрылған, олардың қызметіне мыңнан астам оқушы қатысады (1029). Жыл соңына дейін өлкетанушылық бағытта 14 жаңа мектеп музейін ашу жоспарланған. Сонымен қатар, облыстық «Менің Отаным – Қазақстан» туризм мен өлкетану ресурстық орталығының жұмысы ұйымдастырылды. Осылайша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы білім беру мен тәрбие жүйесін толықтай қамтып, туған жерге, тарихи мұрамызға ерекше құрмет қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Елбасы ұсынған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының тізіміне Қостанай облысынан 3 адам енді: олар – Қазақстанның Еңбек Ері, «Қарасу» сауда-өнеркәсіптік кешенінің бас директоры – Алмат Тұрсынов, конькимен жүгіру спортынан әлем чемпионы, Олимпиада

ойындарының қатысушысы, еңбек сіңірген спорт шебері – Денис Кузин, «Жас қанат-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, кәсіпкер — Қайрат Маишев. «Қазіргі кезде олар маңызды қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық шараларға, қайырымдылық, әлеуметтік акцияларға, жастармен кездесулерге белсенді қатысып жүр. Сондай-ақ «Қостанай облысының 100 жаңа есімі» өңірлік жобасы іске асырылуда, оған Тәуелсіздік жылдарында өзінің еңбегімен, дарынымен ел игілігін еселеп жүрген қостанайлық замандастарымыз енгізілді»- дейді облыс басшысы.

Қостанай облысында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға бағытталған бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізілген. Бұлардың мысалы ретінде: Тархан Шақшақ Жәнібек ескерткішінің ашылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының батыры Кейкі Көкембайұлының сүйегін жерлеу рәсімі, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин кесенесінің қайта жаңғыртудан кейінгі ашылуы, композитор Бақытжан Байқадамовтың 100-жылдығына арналған шаралар, «Мемлекеттік кітапханалардың қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы қатарлыларды айтуға болады»- дейді Архимед мырза.

Облыстың ғылыми қауымдастығы өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге белсенді түрде атсалысады. 2017 жылы қостанайлық ғалымдар музей қызметкерлерімен бірлесе отырып, 2 археологиялық экспедиция ұйымдастырды, нәтижесінде Аманкелді ауданының 200 археологиялық ескерткіші, Әулиекөл ауданының 51 ескерткіші туралы ғылыми есептер жасалды, Әулиекөл ауданының Белқарағай қонысында қазба жұмыстары жүргізілді. Қостанай облысының киелі орындар тізіміне 29 нысан енгізілген, соның ішінде 10 жалпыұлттық (Торғай геоглифтері, Қамысты қонысы, Екідің ескерткіші, Барақ Жанұзақұлының кесенесі, ЖәукеНазарғұлұлының кесенесі, ЫбырайАлтынсариннің кесенесі, МіржақыпДулатовтың кесенесі, Аманкелді Имановтың жерленген жері, Әбдіғаппар Жанбосынұлының кесенесі, Кейкі батыр кесенесі) және 19 жергілікті нысан бар. Биылғы жылы сакралды нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және аумақтарын абаттандыруға 88,5 млн. теңге тартылған қаражат жұмсалмақ. Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған үйі қайта жаңғыртылады (11 млн. теңге), Барақ батыр кесенесі жөнделеді(8,7млн.теңге), Әулие Николай шіркеуін қайта жаңғырту жұмыстары басталады, барлық киелі нысандардың аумағы абаттандарылады.

Қостанайлық кәсіпкерлер «Атамекен» кіші бағдарламасының идеяларын қызу қолдады. Бизнес-құрылымдардың қолдауымен «Көркейе бер, Қостанай!» акциясы аясында 2017 жылы 135 әлеуметтік жоба іске асырылды. Меценаттар осы мақсатта 2 млрд. 674 млн.теңгеқаржы жұмсады. «Бүгінде Қостанай облысы әлеуметтік-саяси жағдайы тұрақты, экономикасы өркендеп дамып келе жатқан аймақ. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешені дамыған, минералды-шикізат қоры бай, тау-кен өндіру кешені мен машина жасау өндірісі қарқынды. Дегенмен, осы табыстардың барлығы аймақтың дамуына қомақты үлесін қосып жүрген азаматтардың еңбегіне байланысты. Біздің басты байлығымыз – еңбексүйгіш, білімге, кәсіби өсуге және рухани жаңғыруға ынталы, ел тағдырына жауапты азаматтарымыз. Біз оларды мақтан тұтамыз, солардың еңбегінің арқасында ел болашағына сеніммен қараймыз!»- дейді Архимед мырза.

Ерқазы Сейтқали