ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ?

Елімізде COVID-19 індетіне байланысты 16-наурызда төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Осы жағдайға байланысты Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов онлайн форматта өткен баспасаөз конференциясында тұрғындардың өмірінің қауіпсіздігін сақтау үшін атқарылып жатқан жүмыстар жөнінде ақпарат берді.

Түпқараған ауданы 43 шақырымда, Мұнайлы ауданы мен Батыр елді-мекені және Қарақия ауданына қарай жүретін жолдарға әскери блок-посттар орнатылды. Ақтауда 197 мың 379 тұрғын, көршілес Сайын, Ақшұқыр аулында 20 мың тұрғын және Мұнайлы ауданында 171 440 тұрғынның тұруына байланысты, тек қана мобильді посттармен шектелді. Төтенше жағдайға байланысты залалсызданыдыру препараттары мен құралдар, қорғаныш киімдерін алу үшін қалалық бюджеттің резервінен 15 млн теңге бөлінді.

 

ТЖ КЕЗІНДЕ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ CALL-ОРТАЛЫҚ 24 САҒАТ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Президенттің тапсырмасына сәйкес 25 наурыздан 13-ші маусымға дейін 100 әскери қызметкер қаланы жаппай үш мәрте толық дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп шықты. Одан басқа коммуналдық мекемелердің водовоздарымен бірнеше рет жолдары залалсыздандырылды. Сонымен қатар, КСК мекемелері де екі бригада шығарып, өздеріне қарасты тұрғын үйлердің лифттерін, дәліздерді, баспалдақтарды күнделікті залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың қаулысына сәйкес, тұрғындарға, кәсіпкерлерге карантин ережелерін түсіндіру мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мүшелері, полиция қызметкерлері, СЭС және әкімдіктің өкілдерімен мониторингтік жұмыс топтары құрылды. Сондай-ақ ТЖ кезінде 12 жерге билбордтар, 14 автобус

аялдамаларына лайтбокстар орнатылып, Call-орталық 24 сағат қызмет көрсетті (33-67-00). 618 тұрғын әртүрлі мәселелермен хабарласып, жауаптарын алды.

 

ТЖ КЕЗІНДЕ КӘСІПОРЫНДАРҒА РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Облыстың бас санитар дәрігері Е.Сыдымановтың 08 маусымдағы №27 қаулысына сәйкес 10-23 маусым аралығында қала бойынша теңіз жағалауындағы демалыс орындарына, жағажайларға, 80 кафе, 7 монша, 3 мал сою пунктіне, автобус маршруттарына рейд жүргізді. Сондай-ақ, азық-түлік супермаркеттеріне, сұлулық салондарына және электроникалық дүкендерге мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 3 кафеге кальян шегу және бір уақытта адам саны 30-дан асқаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды.

 

АҚТАУДА 60-ҚА ЖУЫҚ ДӘРІГЕР, 80 МЕЙІРБИКЕ МЕН САНИТАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ-ТҮНІ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Қазіргі уақытта тестке сәйкес 337-сі оң нәтижесе берсе, бүгінгі таңда 62 адам емделіп шықты. 2 адам өмірден өтті. 156 науқас – провизорлық госпитальде, 65 науқас – облыстық аурухананың инфекциялық бөлімшесінде емін жалғастыруда. Науқастардың жағдайы толық бақылауға алынған, өзін өзі оқшаулап үй карантинінде 316 адам бар. Індетпен күресте жалпы 60-қа жуық дәрігер, 80 мейірбике мен санитарлық қызметкерлер күні-түні жұмыс жасауда. Дәрігерлердің жұмыстан тыс уақытында «Шағала» және «Silk way» қонақ үйлерінде дем алады.

Сонымен қатар, инфекцияның алғашқы белгілерінен күдіктенген тұрғындар үшін сынама тапсырудың екі тәртібі қарастырылған:

1. Жедел-жәрдем шақырту арқылы провизорлық госпитальге немесе туберкулездік диспансерге тест тапсырып, нәтижесін шыққанша күтеді. Бұл тегін.

2. Қала бойынша 5 жеке меншік зертхана арқылы тапсыра алады.

Атауы/Название Мекен-жайы/ Адрес Байланыс нөмірлері/ Контактные номера Бағасы/ Стоимость

ТОО КДЛ «ОЛИМП»

лаборатория г. Актау ,9-й микрорайон, здание 4 +7 (7292) 59‒79‒69 +7‒701‒961‒72‒30 15940 тенге

«invivo»

лаборатория г. Актау ,28-й микрорайон, здание 10 +7 (7292) 58‒83‒83 +7‒778‒769‒38‒81 +7 (7292) 40‒30‒27 16050 тенге

Медицинский центр

«Ча-Кур»

г. Актау ,7-й микрорайон, здание 35а +7 (7292) 51‒11‒00 +7 (7292) 51‒11‒10 +7 (7292) 51‒11‒07 +7‒701‒770‒57‒35 14000 тенге

ТОО «Эталон MED»

лаборатория г. Актау, 6а микрорайон, здание 19а +7 (7292) 33‒11‒54 +7 (7292) 31‒11‒55 16000 тенге

«Национальный центр

экспертизы»

лаборатория г.Актау,1а микрорайон, здание 9/5 +7 (7292) 50‒32‒94 +7 (7292) 50‒19‒01 +7 (7292) 50‒56‒60 +7 (7292) 50‒16‒13 11500 тенге

«Қауіпті дерттен сақтану үшін жұмыс орынында, дүкендерде, базарда санитариялық талаптарды қатаң сақтап, халық шоғырланған жерде бетперде тағып, антисептик пайдалану, той садақа, қонаққа бармай, жанұялық шаралардан уақытша бас тартуды сұраймыз. Осы талаптарды орындау арқылы ғана тек өзіміз емес, жанұя мүшелерінің, жақындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Бүгінгі таңда адамзатқа келіп тұрған үлкен сынақ. Осы сынақтан саналы түрде сабырлылық пен шыдамдылық таныта отырып өтетінімізге сенемін»,-деді Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов.

 

15 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕГІ ӨТЕМАҚЫ ҚАНША АДАМҒА БЕРІЛДІ?

Зейнетақы төлеу орталығының ақпараты бойынша Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылын қоса алғанда тізім бойынша 18 240 азаматқа 541 млн 200 мың көлемінде қаражат бөлінді. Күні бүгінге дейін aktau.tolem@mail.ru электрондық поштасына 1218 адам, барлығы 5322 азамат хабарласты, Оның тексеріліп нақтыланғаны 2728 адамды қамтыды. Сонымен қатар қызмет көрсетуші «АльянсЭнергоСнаб» ЖШС-да көрсетілген санатқа жататын азаматтардың 6885 тұлғасы келісім шартқа отырып, жеке шоттары ашылған. Қазіргі уақытта аталған санатқа жататын және өтемақы тиісті 8966 азаматтың тізімі «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жолданып, 268 980 мың теңге қаражат аударылды