ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ — ENACTUS KAZAKHSTAN СТАРТАПТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ КУБОГІНІҢ ЧЕМПИОНДАРЫ

Торайғыров университетінің командасы — ENACTUS KAZAKHSTAN Online National Expo 2020 студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялардың ұлттық кубогінің чемпиондары.

Жастар жүзеге асырылған екі жобаны ұсынды. Алғашқысы — қаржылық сауаттылық пен стартаптарды дамытуға бағытталған оқушылар мен студенттерге арналған «Jaryq» атты білім беру онлайн-платформасы. Екіншісі — «Flux Z» желдеткіші. Құрал пайдаланған ауаны сыртқа шығарып, таза ауаны ғимаратқа кіргізеді. Ауа шаңнан және ұсақ қоқыстардан тазартылады, сонымен қатар, бактерицидті тазартуды жүргізеді. Оның артықшылығы — кез келген температурада қолдануға болатынында. Энергияны аз қолданады және бағасы арзан.

«Бизнес-модельдерді қолдана отырып, біз өміріміздің түрлі салаларын түрлендіру бойынша тұрақты шешімдерді әзірлеуге тырыстық. Біз енді ұлттық чемпион ретінде еліміздің намысын халықаралық дәрежеде қорғаймыз. Бұл — біз үшін маңызды жарыс», — дейді Enactus Toraighyrov командасының капитаны Әділет Даутов.

Жастар биылғы жылдың бас жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, ENACTUS WORLD CUP 2021 әлемдік кубогіне бес билет ұтып алды.