ТОҚПАНОВ ТЕАТРЫНДА ШЕКСПИРДІҢ ШЕДЕВРІ ЖАҢА ҮНМЕН СӨЙЛЕДІ
А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры көрерменін әлемдік классиканың жауһар туындысы – У.Шекспирдің “Ромео мен Джульетта”трагедиясының жаңа сахналық нұсқасымен қуантты.


Қойылым – тек махаббат жайлы емес. Бұл — татуласпаған көңіл мен кекшіл ниеттің арты неге апаратынын ұғындыратын, жастар сезімі мен ащы шындықтың қақтығысын көрсететін көркем туынды. Театр ұжымы Шекспир әлемін заманауи сахналық тілмен сөйлетіп, көрермен жүрегіне жол тапты.

