Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті етіп тағағайындады
31 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті лауазымына тағайындады.
Дүйсенбі күні Құрылтайдың 141 депутаты Ерлан Қаринді вице-президент лауазымына бекіту туралы Тоқаевтың ұсынысын мақұлдап дауыс берген.
Қазақстанда биыл шілде айында күшіне енген жаңа Конституция бойынша, елде вице-президент лауазымы жаңадан енгізілген. Оны қызметке Құрылтайдың келісімі бойынша президент тағайындайды және босатады. Егер Құрылтай президент ұсынған кандидатураны екі рет қабылдамай тастаса, онда президент Құрылтайды таратып жіберуге құқылы.
50 жастағы Қарин бұған дейін президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, мемлекеттік хатшы, президенттің көмекшісі, президенттің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

