Тіпті күлкінің өзі бизнеске айналады

Біз балалар сияқты кіршіксіз көңілмен күле алмаймыз. Шынайы көңілмен күле алмағандықтан өміріміздегі үлкен құндылықты жоғалтудамыз.
Балаларды бақылайық. Олардың күлкісі олардың ішкі жандүниесінен шығады.
Баланың туғаннан кейінгі үйренетін ең алғашқы әлеуметтік әрекеті-Күлкі.
«Үйренетін» деп айту қате болуы да мүмкін. Олар күлкіні құшақтап туатын болуы керек.
Күле бастаған кезден қоғамның бір бөлігіне айналады. Шалықтап, күліп, жадырап үйренгеннен кейін басқа нәрселерді үйренеді.
Баласының күлгенін көрген ана үлкен бақытқа кенеледі. Себебі күліп жадырау деген баланың дені сау және саналы екендігінің белгісі болмақ.
Күлкі баланың өмір сүруінің, сүйіспеншілігінің және ләззат алуының символы. Сол алғашқы шынайы күлкісі өмір бойы жалғасуы тиіс.
Өмірдің барлық жағдайларына күле алсаң, соның бәрі сені өсіріп, тәрбиелеп, қалыптастырады.
Жылама деп айтпас едім. Шындығында күле алмасаң, сен жылай да алмайсың.
Күлкі мен көз жасы-бір көріністің екі беті.
Ылғал жетіспегендіктен көзінің оты сөніп, қурап қалған адамдар бұл дүниеде қаншама. Күлкі сөнсе, көз жасы да құрғайды.
Шынымен әдемі күле алатын адам ғана шынайы жылай алады. Өлі бейнедегі, сіресіп қалған адам күле де, жылай да алмайды. Тек тірі адам ғана күліп, жылай алады. Сол ішкі толқын адамды қолдап, байытып, өсіріп, мүсіндеп отырады.
Өз еркімен күле алмағандықтан әдейі қытықтап, ынталандыратын құрал қажет болды. Бұл дүниеде қай-қайдағы әзіл-оспақтардың таралуының себебі де сол болса керек.
А.Т
Амантай Тойшыбайұлының Фейзбук парақшасынан алынды