Тілден айрылсақ… (Видео)

Қазақтың көрнекті әдебиет сыншысы мен журналисті Сағатхан Әшібайұлылың ұлы Мәулен Әшімбаев Нұр Отан төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. ЖОРТҚАНДА ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ІСКЕ СӘТ.!

Қазақта «Жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да, тартпай қоймас негізге» деген даналық тəмсіл бар. Қайран біздің бабалар-ай, оймақтай ойдың өзін, сан ғасырлық тəжірибеден өткізіп, бұлтаққа салғызбай, бұра тартқызбай жеткізген. Ұлты үшін, тілі үшін шырқырап жүріп, өртеніп кеткен Сағат Əшімбаевты білмейтін қазақ жоқ. Оның ұлы Мəулен Əшімбаев та əкесінің қасқа жолын жалғастырған, өзіндік ұстанымы бар жас түлек. Мəдениеттілігі, парасаттылығы бір басына жетер азамат. Осындай əлеуеті биік, толғамы терең, өресі асқақ жігіттің, Президент партиясының тізгінін ұстауы — жақсылық нышаны. Оны ұлт көшбасшысының көрегенділікпен таразылап, болашаққа деген нық қадамға балағаны анық! Қан арқылы — атадан берілген, əкеден өрілген, ұлтына деген іңкəрлік, əдет-ғұрыпқа деген адалдық, бəрібір өз дегенін жасайтыны даусыз! Бұл — тектілік сабақтастығы. Ұлағатты ұрпақтың ар алдындағы адалдығы.
… Əкесі Сағатты көзім көрді. Студенттік кезде аралас — құралас жүрдік. Болмысы бөлек, тұрпаты келісті, білімі көл-көсір жігіт еді. Əттең, қазақтың маңдайына сыймай кетті. Қоғамдағы түрлі келеңсіздіктер мен əділетсіздіктер аймаңдай азаматты өртеп жіберді. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
«Орнында бар оңалар» дейді қазақ. Мəулен балам, Алла сені тіл-көзден аман етсін! Ісіңе Алла берекет берсін! Жортканда жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын, айналайын! Жақсыдан қалған тұяқтың мұқалмағанын тілеймін, Жаратқаннан!

 Сәуле Мешітбайқызы

ҚР еңбек сіңірген қайраткері