Теннистен «Президент Кубогы-2019» халықаралық турниріне 100-ден астам теннисші қатысады»

15-21 шілде аралығында Нұр-сұлтан қаласында ATP Challenger және ITF Women’s сериясындағы теннистен «Президент Кубогы-2019» халықаралық турнирі өтеді.

Турнир ұлттық теннис орталығында өтеді. Оған әлемнің 25-тен астам елінен 100-ден астам кәсіпқой теннисші қатысады. Қазақстан кубогында Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Андрей Голубев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин, Анна Данилина, Гозаль Айнитдинова, Екатерина Дмитриченко, Дарья Детковская және Жібек Құламбаева өнер көрсетеді.

Негізгі Ойындар 15 шілдеде басталады. Турнирдің ресми ашылу рәсімі 16 шілдеде, ал жеңімпаздардың есімдерін жариялау және марапаттау – 21 шілдеде өтеді.