Темірғали Көкетаевтың есімі Қарағандыдағы әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының математика кабинетіне берілді

 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қарағандының құрметті азаматы, ғалым Темірғали Көкетаевтың есімі әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының математика кабинетіне берілді. Сыныптың ашылуына академиктің өзі де қатысты.

Кабинеттің ашылуына гимназия директоры Қымбат Оспанова мен математика пәнінің мұғалімі Махаббат Нарова бастамашы болды. Екі жыл бойы олардың жетекшілігімен оқушылар академиктің өмірі мен ғылыми еңбектерін зерттеді, библиографиялық мәліметтер жинады.

 

 

Темірғали Көкетаев оқушылардың зерттеулерін жоғары бағалады. Ол олармен ынтымақтастыққа әрқашан дайын екенін атап өтті.

– Бздің гимназия ұлы ғалым әл-Фарабидің есімімен аталады. Өткен жылы біз гимназияда оның атындағы мұражай аштық. Өздеріңіз білетіндей, ол көптеген ғылымдарды меңгерген. Зерттеген бағыттарының бірі – бұл физика және математика. Сондықтан біз математика кабинетін ашып, оған физика-математика ғылымдарының докторы, ҚарУ профессоры Темірғали Көкетаевтың есімін беруді ұйғардық, ол XXI ғасырдың ғалымы болып танылды. Болашақта біз Әл-Машани және Тоқтар Әубәкіров атындағы кабинеттер ашқымыз келеді, – деді гимназия директоры Қымбат Оспанова.

 

 

Темірғали Көкетаев атындағы кабинетте тақырыптық кездесулер, дөңгелек үстелдер және басқа да маңызды іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ гимназия ғалым жұмыс істейтін Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ физика-математика факультетімен тығыз байланыста жұмыс істеуге ниетті

– Темірғали Әбілдаұлы шалғайдағы ауылда туып-өсіп, ғылымда осындай биіктерге қол жеткізді. Оны тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де біледі. Онымен өтетін кездесулер балалар үшін үлкен мотивация болатынына сенімдімін, – деп атап өтті Білім бөлімінің басшысы Есентай Әшім.

Шара соңында ғалым гимназия оқушыларының сұрақтарына жауап берді.