Тектілік теоремасына талдау

ТЕК …( Негіз ) Атам қазақ осы сөзге өте үлкен мəн берген еді!!! Тектілік ата — ананың қанымен келетін қасиет көрінеді! Оны генетик мамандар айтады. Ол жағы түсінікті….
Енді, тексіз деген ұғымға оралсақ…

Тексіз адамның қолы билікке, болмаса байлыққа жетсе, ол тек құлқынның қамын ғана ойлап; өмір бойы өлмейтіндей соған таз кенедей жабысып, уысынан шығарғысы келмей, жинаған дүниесінің қызығын көре алмай, бұл жалғаннан өтеді. Тексіздіктің салдарынан жанына ашкөздер мен жағымпаздарды жинап, сындарлы сын айтқан Достарынан айрылады! Ең сорақысы, ашкөздікпен жинаған дүниесі игілігіне жарамай, көрінгенге жем болып; талан- таражыға түсіп, түбінде опық жейді екен.. Тарихта ондай мысалдар көп — ақ… Сондықтан, аталарымыз ел аралап, текті жерден қыз алуды мансұқ еткені, ертең елін, жерін басқаратын ұрпағының негізді ( Тек) болғанын қалағанын көрсетеді ….

°°° Сондықтан, ТЕКТІЛІК дегеннің қасиетін, ТЕКСІЗДІКТІҢ қасіретін жастар біліп жүрсін деген ізгі ой еді°°°.

P.S.
Таудан аққан тас бұлақ, ол да құяр теңізге.
Қанша малды болса да, бай баласы қуанар қойдан туған егізге.
Ұры — қары қуанар мал ішінде семізге.
Жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да,
Таратпай қоймас негізге….

Сәбетқазы Кусетайұлы Нұрсила фб парақшасынан