Текті ана

Асқар Сүлейменовтің дүрілдеп аты шыққан кез екен.Саф алтынға бергісіз жауһар дүниелерін оқып тамсанған Әбу Сәрсенбаев атамыз жүздесу үшін үйіне іздеп барса,Асекең үйінде жоқ екен.
Қарт анасы үйінде екен. Әбу атамыз:”Асқардай ұл туған ананың бетінен бір сүйіп қояйын” деп ұмтыла берсе, текті ана: “Тоқта!”,-депті әмірлі дауыспен: “Мына бетті бір ғана адам сүйген, оны енді екінші біреу сүймек емес”,-деп тоқтатып тастапты.
Алғашында өкпелеп қалған Әбу атамыз терең ойланып, мәселенің байыбына барған соң, Асқарға былай деген екен: “Сенің қайдан шыққан мықты екеніңді түсіндім.Гәптің бәрі анаңда екен”.
Көрінгенге бетін тоса қоятын, көрінген жігітпен құшақтасып суретке түсе салатын қаракөздер бұл әңгімені түсіне алар ма екен?!
Асхат Ахмедияр.