«Тектұрмас» кешені жасыл желекке бөленуде

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Тектұрмас» этнотарихи кешеніне арнайы келіп, мұндағы абаттандыру жұмыстарының барысын көзбен көрді.
🔹Қазіргі таңда кешеннің аумағына 3 554 ағаш көшеті отырғызылуда.
– «Тектұрмас» кешені қаланың сан жылдық тарихынан сыр шертетін шаһардың символына айналды. Мұнда қала тұрғындарынан бөлек өзге өңірлерден де келетін қонақтың қарасы мол. Сол себепті кешенді жасыл желекке бөлеу өте құптарлық шешім. Алайда, оны уақытылы күтіп-баптауды да ұмытпауымыз керек. Әсіресе, тал көшеттерін дер кезінде суарып тұруға баса мән берген жөн. Оның үстіне кешен биікте орналасқандықтан жел жиі соғады әрі екпіні қатты. Сондықтан көшеттердің желге шыдас бермей, сынып кету қаупі де жоқ емес. Осы жағын да мұқият ескеру керек, – деген қала әкімі «Ежелгі бекініс» имаратының құрылысымен де танысып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.