Тазалық науқаны басталды

Ағымдағы жылдың 18 наурызы күні облыс әкімінің орынбасары Қ. Мәдібектің төрағалығымен «Абаттандыру және санитарлық тазалық жөніндегі көктемгі екі айлықтың өту барысы» туралы Тараз қаласы және аудан әкімі орынбасарларының қатысуымен жиналыс өткізілді. 
Көктемгі екі айлықтың өту барысы, іс-шаралар жоспары бойынша және қалаларды абаттандырудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы аясында 2024 жылы атқарылатын жұмыстар бойнынша облыс әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.С.Тунгатов баяндама жасады.
Жиын қорытындысымен энергетика басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдіктеріне көктемгі екі айлық жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды.