Таза Қазақстан республикалық акциясы

🔰Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапырмасымен бастау алған “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы Тараз қаласында қарқынды жалғасуда.
🔹Ауқымды акцияның “Жасыл аймақ” апталығы аясында бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков еңбек ардагерлері, жас отбасылар, қала тұрғындары және ерікті жастармен бірге “Көлтоған” алқабындағы аллеяға 100 дана қарағаш ағашын отырғызды.
– Тұрғындардың сұранысымен бұл алқапта жаңа аллея бой көтеріп, онда 2000 ағаш егу жоспарлануда. Бүгінгі шара – соның бастамасы. Алдағы уақытта алқапты көгалдандыру бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынады, – деген шаһар басшысы тұрғындарды акцияға белсене атсалысып, қала тазалығына үлес қосуға үндеді.