Ташенов көшесі 1 шілдеден 22 тамызға дейін жартылай жабылады

Аталған учаскеде нөсер кәрізі тартылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Құрылыс-монтаж жұмыстары Молодежный 1-5 ауданында «Тазарту қондырғылары» жобасының аясында нөсер кәрізі желілерін орнатуға байланысты жүргізілетін болады, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. «1 шілдеден 22 тамызға дейін Ташенов көшесі мен Ташенов тұйығында жол уақытша жабылады», – делінген хабарламада.