Тарихтан хабар

Шыңғыс тұқымдарынан Жошыдан кейін Дешті Қыпшақ ұлысында үлкен билік құрған қазақтың Қасым ханы.
✅Қасым 1445 жылы дүниеге келген. Оның әкесі – Қазақ Ордасының негізін салушы Әз Жәнібек хан. Анасының аты – Жаған бегім.
✅1510 жылы Қасым сұлтан Сыр бойындағы қалалар үшін болған соғыста қазақтың басты жауы Мұхаммед Шәйбаниді біржола талқандап, ұлыс шегінен асыра қуды. Сол кезеңде Түркістан уәлаятына қарасты қаланың көпшілігі Қазақ Ордасының құрамына енді.
✅1511-1520 жылдары Қасым ханның билік құрған дәуірі. Ежелгі Көк орда жерінің басым бөлігі және Жетісу қазақ ордасының иелігіне айналды. Халықтың саны бір миллионнан асып, әскер саны үш жүз мыңға жетті.
✅Шамамен 1511 жылы Қасым хан «Қасқа жол» деп аталатын ең алғашқы заң жүйесін қабылдады.
✅1512 жылы Қасым хан Сайрам қамалын алды, Ташкентке жорық жасады.
✅1521 жылы Жайық өзені бойындағы Сарайшықта дүние салды.
Нокусова Меруерт. Орталықтың ғылыми қызметкері.

Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы