Тарихи орынға ескерткіш белгі тас қойылды

Мойынқұм аудандық Ұланбел ауылында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 жоба аясында аудан әкімі Мәден Мұсаевтың қолдауымен және Сәкен бабамыздың ұрпақтарының демеушілігімен «Сәкен өткелі» тарихта қалып, жас қауым, келешекке үлгі болсын деген ниетпен, тарихи орынға ескерткіш белгі тас қойылды.

 

 

1919 жылдың күз айында түрмеден қашқан Сәкен Сейфуллин осы «Кіші Қамқалы» ауылын паналаған, ал Шу өзенінде мұз қатқан уақытта ауыл азаматтары ақынды осы жермен өткізіп, Әулиеата (Тараз қаласына) қаласына жеткізіп салған. Содан бері Кіші қамқалындағы Шу өзендегі өткел Сәкен өткелі деп аталған.

Ұрпаққа ілтипатты тәрбие көркемінде болсын деген мақсатта, Сәкен бабамыздың өткеліне арналған тақтайшасын Мойынқұм ауданы
әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлұлы, Сәкен Сейфуллин
ұрпағы Дәуіт аға, Сүйіндік бабамыздың ұрпағы Тимур Әуелханұлы салтанатты түрде ашты.

 

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов сөз алып, Алаш зиялыларын ешқашан естен шығармауға, өткенімізді ұмытпай, жастардың бойына сіңіріп отырсақ, рухани жаңғыра отырып, алға ұмтыламыз. Кешегі күн, бүгінгі тарих. Міне бүгін тарихи тұлғалардың бірі Сәкен бабамыздың жүріп өткен өткеліне қойылып жатқан белгі тас ескерткішін ашып, аудан тарихында мәңгі із қалдырып отырмыз. Осы шараны ұйымдастырып отырған ағайындар Сіздерге аудан халқы атынан алғысымызды жеткізгім келеді. Бұл ескерткіш белгі ұрпаққа аманат болып қала бермек-деп сөзін аяқтады.

 

Содан соң Сәкен бабамыздың ұрпағы Дәуіт аға сөз алып баба ұрпақтарына және аудан әкімшілігіне өз алғысын білдірді. Сонымен қатар Сәкен бабамыздың ұрпақтары, Сүйіндік батыр бабамыздың ұрпақтары мен ауданның зиялы қауым өкілдері сөз алып, тарих бетеріндегі оқиғаларды айтып, болшақ ұрпаққа үлгі боларлық шара екеніне тоқталды. Аталмыш шарада М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары Сәкен Сейфуллин шығармашылығынан өздерінің әдеби монтажын жасады.Содан соң естелікке суретке түсті.
Белгі тастың ашылу құрметіне орай Ұланбел ауылының шағын футбол алаңшасында, ауыл жастарымен футбол ұйымдастырылып, жастар диплом сыйлықтарымен марапатталды.