Тарихи қалада «Ұлт тарихы және ұлы тұлғалар» атты конференция өтті

Киелі Әулиеата өңірінде облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің Бас ғимаратында «Ұлт тарихы және ұлы тұлғалар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан тарихының жаңа сипатта зерттелуі мен мемлекеттік тілдің Тәуелсіздік жылдарында даму көрсеткішін жастарға, студенттерге баяндау және ел Тәуелсіздігін алғалы бері қайраткер әйелдердің жеткен жетістіктері мен жастардың интеллектуалдық бағытта тәрбиелеуінің жолдары туралы болды.

dsc_0011Конференцияға Алматы қаласынан арнайы қонақ болып келген, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы Хангелді Әбжанов. Ол  «Тарих және тұлға» атты баяндамасымен таныстырды. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор Зейнеп Базарбаева «Мемлекеттік тіл – рухани тәуелсіздіктің басты тірегі» атты тақырыпта баяндамасын оқыды. «Тәуелсіздіктің интеллектуалдық негіздері» атты баяндамасымен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғабит Кенжебаев таныстырды.

Конференцияға облыстың зиялы қауымдары, БАҚ өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, жоғары оқу орындарының студенттері және Тараз қаласының мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушылары қатысқанын айта кетейік.