Тарих тағылымы не дейді?

Абылай жетпіске келіп, ауру меңдеп, дүниеден аттанайын деп жатқанында Бұхар жырауды шақыртыпты. Жырау келіп:
— Не арман тілегің бар?, — десе керек. Абылай қариямен бақылдасып болып, үш арманын айтқан екен;
«- Қан көп төгілді. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін болды».
«- Халық жер емшегін еме алмады, қала кент сала алмадым».
«- Елдің басы бірікпеді, тентегі – тебісі көп болды,»- депті.