ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ — ТІРЕК ТЕТІК

Мемлекет басшысы Ұстаздар күні қарсаңында озық мұғалімдермен кездесті. Біраз ұстаз мәртебелі марапатқа ие болды.
Мектеп – құндылықтар ордасы. Үлкен әлеуметтік орта. Мұғалім әрқашан соның белортасында тұрады. Баланың алдында қоғамға жол ашатын, өзіне сенуге және қиындықтарды жеңуге көмектесетін – педагог. Мұғалімдер күні қарсаңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің үлесін атап өту өте маңызды. Олардың еңбегі тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен бірге үлкен жүректі, шыдамдылықты және терең жанашырлықты қажет етеді.
Осылайша, инклюзивті білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналады, мұнда педагогтерге шешуші рөл беріледі.
Қазақстанда депутаттардың бастамасымен алғаш рет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандарты әзірленді, ол білім берудің барлық деңгейлерінде осындай балаларды сүйемелдеуге жүйелі тәсілді бекітеді. Сонымен қатар, отбасы мен балаға көмектесу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін көздейтін «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы» Заң әзірленуде.
Бүгінде еліміздегі мектептердің 90%-ында инклюзивті білім алу үшін жағдай жасалған, ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 85%-ы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Арнаулы білім беру ұйымдарының желісінде 508 мекеме бар, мектептерде 121 қолдау кабинеті ашылды. Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық орталығын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде педагог-ассистенттің штат бірлігі енгізілді. Мектептердің үлгілік штаттарына арнайы педагог лауазымы, ал тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды физикалық сүйемелдеу үшін жеке көмекші лауазымы енгізілді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, түзету кабинеттері, оңалту орталықтары және аутизм спектрлі бұзылуы бар балаларды қолдау орталықтары үшін жекелеген үлгілік штаттар бекітілді. Аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесіне енгізілді, ал мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларына осындай балаларға арналған түзету құрамдасы қосылды. Мүгедектігі бар азаматтар үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау квотасы 1%-дан 10%-ға дейін ұлғайтылды.
Мектеп — тәрбие мен білім беретін қасиетті орын.
Инклюзивті саясатты дамыту жағдайында мұғалім білім алушылардың барлық санаттары үшін білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін негізгі буын болып қала береді.

Қ.Р.Сенат депутаты
Нұртөре Жүсіптің фб парақшасынан