Таразда «Zhambyl Economic and Investment» форумы өтеді

Жамбыл облысында 2023 жылдың 26-27 сәуір күндері өңірдің аграрлы-индустриалдық жағдайын жақсартуға бағытталған халықаралық «Zhambyl Economic and Investment» форумы өтеді.

Форум нәтижесіне сәйкес, облыста бірқатар инвестициялық алып компаниялар химия өнеркәсібі, металлургия, фармацевтика, цифровизация, туризм және агроөнеркәсіп кешені салаларын қамтитын кәсіпорындар іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Халықаралық форумның Таразда ұйымдастырылуы – аймақтың инвестициялық және экономикалық әлеуеті үшін жаңа драйвер, тың серпін болмақ.

Аймақ қазынасына қаржы салуға ниетті отандық және шетел инвесторларының басқосуы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтеді.

Форумға тіркелу үшін zheif2023.kz сайтына өту керек.

Тараз қаласының әкімдігі