Таразда жақын күндері жылыту маусымы аяқталады.

Сонымен қатар келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталуы қажет. Сапалы жасалған жұмыс кемшіліктерді дер кезінде анықтап, уақытында қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Алдағы жылыту маусымындағы қауіпсіздік және жайлылық үшін ерте бастан қимылдаған жөн.
2021 жылы тамыз айында 15 күнге жасалған тексеріс нәтижесінде 95 ақау анықталса, былтыр 25 күндік тексеріс кезінде 101 кемшілік белгілі болды.