Таразда тал көшеттерін отырғызу жұмыстары басталды

Таразда «Жасыл желек – жердің көркі» көгалдандыру, көріктендіру жобасы аясында тал көшеттерін отырғызу жұмыстары басталды.

Өткен сенбіде 210 шаған ағашы, 50 қарағай, 25 катальпа және 51 шынар ағашы отырғызылды.
Бүгінде Қапал каналынан бастап, Жамбыл даңғылы бойына, Ы. Сүлейменов көшесінің бойына тал-дарақтар егілді.
Сонымен қатар қаладағы 11 округ 1100 ағаш көшетін алып, көктемгі жұмыстарды бастап кетті.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейтін халқымыз ағаш егуді сауапты амал дейді.
Сондықтан кез келген қала тұрғынын тал-дарақтар егу шарасына атсалысуға шақырамыз.
span data-mce-type