Таразда сотталған азамат алғашқы төлқұжатын алды

Таразда сотталған азамат алғашқы төлқұжатын алды. Енді ол түзеу мекемесіне от жағушы боп жұмысқа орналаспақ. Айта кетейік, бұл азамат өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты №26 мекемесінде жазасын өтейді.

— Бүгінгі күнге дейін Қазақстан азаматы екенімді анықтайтын төлқұжатты әртүрлі жағдайларға байланысты ала алмаған едім. Мекеме қызметкерлерінің ықпалымен алғашқы төлқұжатымды алдым. Енді түзеу мекемесіне жұмысқа орналасып, табыста таппақпын. ҚАЖ қызметкерлеріне алғысымды айтамын, көп рахмет, — деді жазасын өтеуші.

Жалпы, құқық қорғау қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынған.