Таразда республикалық ақындар айтысы басталды

Жыл сайын облысымызда дәстүр күйінше жалғасып келе жатқан «Жамбыл менің жай атым,  халық менің шын атым» атты республикалық айтыс басталды. 

Бұл айтыс жыл сайын Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай ұйымдастырылды. Биыл аймақтағы алдыңғы ақпарат көзі, облыстық «Ақжол» газетінің 100 жылдығына арналып өткізілуде.

Ақындар өнеріне Қайырбек Асанов (төраға) Ғалым Жайлыбай, Мәжіліс депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан,  айтыскер-ақын, Жазушылар Одағының Батыс өңіріндегі филиалының төрағасы –Бауыржан Халиолла және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, ақын – Ахметжан Өзбеков және пен «Aq jol» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт қазылық етуде.

Алғаш болып сахна төріне қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан  мен облыс атынан бақ сынап жатқан Рай Дөңбай шықты.