Таразда Freedom Bank филиалы ашылды

Бүгін Таразда Freedom Bank филиалы ресми түрде ашылды. Енді Таразда тұратын ірі бизнес өкілдеріне, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға басқа қалаға барудың қажеті жоқ.
Әулиеаталықтар банкке қатысты барлық қызметті Жамбылдыңорталығында орналасқан заманауи кең кеңседен ала алады. Салтанатты іс-шараға облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, аталған банк басқармасының төрайымы Гүлфайруз Ахметова мен ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл облыстық филиалының директорыЕвгений Шарыгин қатысты.
Freedom Bank ‒ цифрлық банктік өнімдер мен қызметтерді ұсынуға мамандандырылған data-driven банк. 2021 жылы банк ипотекалық несие алуды цифрландырып, әлемдегі алғашқы цифрлық ипотеканы іске қосты. Сондай-ақ, банк инвесторлық, цифрлық, мультивалюталық, қарыздарды өтеуге арналған кредиттік лимиті бар карталарды шығарды. Еліміздің 11 ірі қаласында банктың филиалдық желісі бар.

— Банк қызметтерін пайдалану үшін үйден шығудың немесе құжаттар мен анықтамаларды жинаудың қажеті жоқ. Барлығын телефон немесе ноутбук арқылы онлайн жасауға болады. Бірақ біз тұтынушыларымыздың талап—тілектерін әрдайым ескереміз. Көптеген адамдар анықтамаларға уақыт жоғалтпай, қызметті тез алғысы келеді.

Десек те білікті кеңес пен көмекті арнайы бөлімшелердегі мамандар нақты түсіндіре алады. Сондықтан біз осындай шешім қабылдадық. Freedom Bank –Жамбыл облысын экономикалық қуатты, қолайлы және заманауи өңірлік орталыққа айналдыру жөніндегі мемлекеттік бастамаларды қолдайды,—дейді банктің басқарма төрағасы Гүлфайруз Ахметова.

Филиал жеке және заңды тұлғаларға кешенді қызмет көрсетуге бағытталған. Бөлімше үш кассамен, кеңес алуға ыңғайлы аймақтармен, электронды кезекпен және VIP-клиенттерге қызмет көрсету бөлмесімен жабдықталған.

Қысқа мерзім ішінде банк Қазақстанда баламасы жоқ цифрлық өнімдерді әзірлеп, нарыққа шығарды. Цифрлық ипотека мен автокредитті құжаттарды жинамай ақ бір күннің ішінде онлайн рәсімдеуге болады. Цифрлық автокредит іске қосылған 10 айдың ішінде 5 мыңнан астам қазақстандық игілігіне пайдаланды. 143 мыңнан астам автокөлік онлайн-бағалаудан өтті. Сондай-ақ, банк электронды әмияндарға цифрлық құжаттарды қосуға мүмкіндік берді. Шағын және орта бизнеске арналған мамандандырылған өнімдердің кең желісін іске қосты.

№1.2.108/43/250 лицензия Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға 1 ақпан 2023 жылы берілді