Таразда балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты.




– Бұл ғимаратта балаларымыз білім алды. 2016 жылы жаңа мектеп қолданысқа беріліп, ұл-қыздарымыз сонда ауысты. Әкімдік бос тұрған ғимаратты ұтымды пайдаланып, заманауи орталық ашып отыр. Енді балаларымыз телефонға телмірмей, бос уақытын тиімді өткізетініне сенімдіміз! – дейді Тараз қаласының тұрғыны Хансұлу Исабаева.



