Таразда 1 ай мерзімге ыстық су өшіріледі

Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғынжай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Бекзат Болатбеков арнайы штаб отырысында мәлімдеді.

— Биыл жылыту маусымы әдеттегідей 15 сәуірде аяқталады. Қазіргі таңда отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде. Жылу көздерінде температуралық кестенің сақталуы қала әкімдігінің күнделікті бақылауына алынған. Барлық кәсіпорындарда апаттық-диспетчерлік бөлімшелері тәулік бойы қызмет атқаруда, — дейді Б.Мейірбекұлы.

Айта кетейік, гидравликалық тығыздау жұмыстарына байланысты, Тараз қаласында 15 сәуірден 15 мамырға дейін, 1 ай мерзімге ыстық су өшіріледі.