Таразда қар тазалау жұмыстары қарқынды

«Жасыл Ел – Тараз» ЖШС қала аумағындағы автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдарында төтенше жағдайлар туындамас үшін тазалық жұмыстарын атқарып жатыр.

Қалада 76 көшенің қарын күреуге және тұз аралас құм шашу жұмыстары бекітілген. Қысқы тазалық жұмыстарына қолданатын 47 техника бар. Атап айтқанда, 20 бірлік қар күрейтін автотехника, соның ішінде 14 бірлік тұз аралас құм шашатын арнайы автотехника, 7 қар күрейтін автотехника, 2 бірлік автогрейдер, 7 бірлік жаяу жүргіншілер жолын тазалайтын(тротуар) МК-320 техникасы, 2 бірлік жаяу жүргіншілер жолдарын тазалайтын (тротуар) МТЗ-82 техникасы, 3 бірлік құм, қар тиегіш техника (погрузчик) және келісім-шарт бойынша жалға алынған 1 бірлік құм, қар тиегіш техника (погрузчик), 1 бірлік Зил-130 аударғыш (самосвал), 2 бірлік Газ-53 аударғыш (самосвал), 4 бірлік МТЗ-82 тіркемесі, 5 бірлік КАМАЗ (самосвал) бар.

Қар тазалау бригадалары тәулік бойы ауысымды кестемен жұмыс істеп жатыр.
Мекемеде диспетчерлік қызмет бар. Олар барлық жұмысты бақылауда ұстап отыр. Жұмысшылар үшін демалыс бөлмесі жабдықталған және үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар осы жұмыстарды мерзімінде атқару үшін мекеме қызметкерлері күнделікті кезекшілікте тұр.

Кеше толассыз жауған қарға байланысты 14 тұз аралас құм шашатын техника жұмысы кешкі сағат 21:00-ден басталып, таңғы 08:00-ге дейін жұмыс істеді.
Бүгін көшеге тұз аралас құм шашатын техникалар жұмысы таңғы сағат 09:00-ден басталып, тазалау жұмыстары қазір де жалғасуда. Қаланы қардан тазалауға 162 адам қосымша жұмылдырылған.
Атап өтетін жайт: қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау үшін және қоғамдық көлік қатынасына кедергі келтіріп, кептеліс тудырмау үшін қар тазалау жұмыстары белгілі бір уақытта тоқтатылуда. Нақты айтқанда қар тазалайтын машиналар таңғы 8-ден — 9.30-ға дейін, кешкі уақыттарда 18:00-19:30 аралығында кейбір аймақтарда жұмыстар белгілі бір уақытқа тоқтайды.
Қазіргі таңда мекеме қорында 295 тонна тұз бар. Қосымша 7000 текше метр құм және 1000 тонна тұз алынды.