ТАРАЗДАҒЫ СЕРГЕК КАМЕРАЛАРЫ БҮГІННЕН БАСТАП ТЕСТІЛІК РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Сергек қоғамдық және жол қауіпсіздігінің интеллектуалды жүйесі Тараз қаласында орнатылды, монтаждау жұмыстары аяқталды. Кешен тестілеуден өтіп, іске қосылуға дайын. Уәкілетті органдар мен мемлекеттік серіктестердің шешімімен жүйе бүгіннен бастап тестілік режимде жұмыс істейді. Ал жүйе айыппұлдар жинай бастамас бұрын уәкілетті органдар алдын ала хабарлайды.

«Сергек» жүйесін әзірлеуші компанияның
баспасөз қызметі