Тараз қаласының полиция қызметкерлері қарақшылық дерегін ізін суытпай ашты

102 операторының пультіне облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны жүгінді. Әйел, сағат 14:30 шамасында белгісіз адам оның үйіне кіріп, пышақпен қорқытып, жалпы сомасы 700.000 теңге тұратын алтын әшекейлерді ашық түрде ұрлап кеткенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы жергілікті тұрғынды ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Заттай дәлелдемелер алынды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.