Тараз қаласында футбол фестивалі басталды

2022 жылдың 18 маусымында Тараз қаласында футбол фестивалі басталды.
Аталған іс-шараның мақсаты облыс орталығында футболды насихаттау, барлық жастағы тұрғындарды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту болып табылады, салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау, жаңа есімдерді ашу және жас таланттарға нағыз жұлдыз болуға мүмкіндік беру!

Орталық стадиондағы спорт фестивалінің ашылуына Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділ Назарбайұлы Барменқұлов, футбол ардагерлері қатысты.

Фестиваль бағдарламасында қала стадиондары мен шағын футбол алаңдарында атақты қазақстандық маман, Жамбыл футболының тәрбиеленушісі Виктор Катковтың мерейтойына арналған футбол аңыздарының матчтары, ардагерлер, әуесқойлар мен балалар командалары арасындағы ойындар өткізілді.

Тараз қаласы әкімдігі