Тараз қаласында үшемдер дүниеге келді
Айта кетейік, үшемдердің екеуі — қыз, біреуі —ұл. Оларға Асылым, Айбатыр, Асылай есімдері қойылды.
Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келді. Олардың бірінің салмағы —992,0, грамм болса, екіншісінікі — 984,0, үшіншісінікі — 950,0.
Шала туылған нәрестелерді дүниеге келе сала тексеру, күтіп-баптау жұмыстары перинаталдық орталық қызметкерлері тарапынан барынша жіті бақыланып, қолға алынған. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, анасы өзі қарай алады.
Дәрігерлер мерзімінен бұрын туылған нәрестелерге дұрыс күтім жасау қажеттігі бойынша анасына кеңестер беріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде үшемдердің жағдайы жақсы, салмақ жинап (1960,0 гр, 2462,0 гр, 2508,0 гр,), үйлеріне аман-есен шығарылды.