«Taraz Cup 2022» турнирінің үздіктері анықталды


Бүгін БАҚ өкілдері арасында өткен «Taraz Cup 2022» турнирінің үздіктері анықталды.

Екі күнге жалғасқан жарыс нәтижесінде Қазмедианың «Voltman» командасы топ жарса, Атырау қаласының командасы 2 орынды, «Ктк» телеарнасының құрамасы 3 орынды еншіледі.

Сондай-ақ Үздік қақпашы – Нұрислам Ғұмар ( Atyrau Aqparat), Үздік ойыншы – Құмарбек Азат (Kazmedia Voltman), Үздік қорғаушы – Дәурен Берікқажы (Экспресс К), Үздік шабуылшы – Әділбек Жақанов (Ақмешіт), Үздік сұрмерген – Нарын Қалиев (Алматы құрамасы) атанды.


Сайыс жеңімпаздарын қала әкімі Бақытжан Орынбеков марапаттады.