ТАҢНҰР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Ақпанның 15-24 жұлдызында Румынияның Брэйла қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Dracula Open халықаралық турнирі өткен болатын. Былғары қолғап шеберлерін аға бапкер Бағдат Оңғарбеков бастап барып, 21-і жүлдемен елге оралды.
Қазақстан құрамасы 21 жүлде иеленіп, командалық есепте топ жарды. Жарыста 25 елдің боксшылары сынға түсті.
Олардың қатарында жерлесіміз Мойынқұм ауылының тұрғыны, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Таңнұр Сейсенбай 75 келі салмақта өнер көрсетіп, жүлделі 3 орынға ие болды.
Таңнұрды, ата-анасын, бапкерлерін жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұданда биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!
Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,
Мойынқұм ауданы