ТАЛАСТЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Облыс орталығы Тараз қаласында Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз- Арена» спорт сарайында олимпиадалық жекпе-жек спорт түрлерінен «Жамбыл облысы әкімінің кубогы» командалық жарысының жалауы желбіреген болатын.
Жарыс жүлдесіне Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Тұрар Рысқұлов, Шу аудандары және Тараз қаласының құрамалары таласқан-ды.
Айта кетейік, Жамбыл облысы әкімінің кубогы
бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес және таэквандо WT сынды спорт түрлерінен сарапқа салынды.
Тартысқа толы командалық сайыста таластық дзюдошылар қола жүлдеге ие болды.