Таласта жаңа технологияны пайдаланып, өнімді еселемек

Ағымдағы жылы Талас ауданында кішігірім 3 су қоймасын салу жұмыстары қарастырылуда. Атап айтқанда, Қызыләуіт ауылдық округіндегі «Әбдірәсіләуіт», Тамдыда «Дулатбай» және «Көкиық» су қоймалары.
 Суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісін де кейбір шаруа қожалықтары қолға ала бастады. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл әдісті меңгеріп, пайдаға жаратудың қаншалықты маңызды екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр.
 Мәселен, ауданда «Нұр-Дәулет» шаруа қожалығы 106 гектар жерді игеру үшін инвестициялық жоба бойынша 77,0 млн теңгеге жаңбырлатып суару құрал-жабдығын және су сорғысын сатып алды. Құрылғы өткен жылы құрастылып, сынақтан сәтті өтті. Сондай-ақ, Бостандық ауылдық округіндегі «Жаңалық» шаруа қожалығы 30 гектар егістік алқабын тамшылатып және жаңбарлатып суғару технологиясымен, ал Ойық ауылдық округіндегі «Береке» шаруа қожалығы 20 гектар егістік аумағын құбырлы құдық арқылы, сонымен қатар Тамды ауылындағы «Дін-Ислам» шаруа қожалығы 60 гектар көпжылдық шөпке жаңбырлатып суғару әдісін пайдалануда.
 Осы жылы жаңбырлатып суғару технологиясын пайдалану үшін Ақкөл ауылдық округіндегі «Бекен» шаруа қожалығы 42,2 млн теңгеге, Аққұм ауылынан «Алмар» шаруа қожалығы 84 млн теңгеге, Қызыләуіт ауылынан «Ынтымақ» шаруа қожалығы 15,0 млн теңгеге жаңбырлатып суару құралдарын сатып алу туралы өтініштері комиссия тарапынан оң шешімін тапты. Мәселе реттелсе, шаруаға шырай кіреді.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі