ТАЛАСТА ҚОНАЕВ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

Дінмұхамед Қонаев атамыздың 110 жылдығына орай Талас ауданында бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Үстіміздегі жылдың наурыз айында жергілікті демеушілер көмегімен Қонаев мұражайы ашылды.
Ендігі кезекте атамыздың бұрын Тараз қаласында тұрған бюстін орнату мәселесі тұр. Осы орайда бюст орнататын жерді көпшілікпен ақылдасқанды жөн көрдік.

Біріншісі аудан әкімдігінің алдындағы Батырлар алаңының төр жағы. Екіншісі Қонаев мұражайы мен аудандық мәдениет үйінің ортасында, биікте, оқшау тұрған алаңша.
“Келісіп пішкен тон келте болмас”. Сондықтан, пікір білдіріп отырыңыздар.

 

Қанатбек Мәдібек,

Талас ауданының әкімі