ТАҒЫ ДА ЖАҢА КІТАП

Тараз қаласындағы «Формат-Принт» баспасынан жаңа естеліктер кітабы жарық көрді.

Ұзақ жылдар Сарысу ауданының педагогика саласында жас ұрпаққа саналы тәрбие беру бағытында, оның 28 жылын Жайылма-Маятас ауылындағы Донда Сербин атындағы орта мектебінде басшылық жасап аудан,облысқа танымал болған Ескермес (Есен) ЖАНТЕНОВТЫҢ тірлігіндеге адамдық болымысы мен іскерлік бастамалары жайлы тебіреніспен сөз қозғалады.

Кітапта аудан ,облысқа танымал елге еңбегі сінген көз көргендер Қырғызәлі Тілеуов, Бөлтірік Ильясов, Мұса Шоңбаев,Мұрат Әубәкіров , Ильяс Баймағанбетов, Серік Уалиев, Сәуле Жанпеиісов,Болатбек Дондаев,Лаура Асанова, Әлменбай Тойланбаев, Майлыбай Смсғұлов, Айтбала Жолмағанбетов, Диханбай Ақділдаев, Қалдыбай Тұрманов,Жаңабай Миллионов пен Ескерместің ағайындары,балашағасы, жекжаттеры мен қызметтестері, достары, ұжым мүшелерінің ғұмырлық елең еткізер естеліктері көптеп тартылған.

Е.Жантенов ініміздің 65 жылдық өнегелі ғұмырындағы еңбек жолындағы өмір деректері кеңінен қамтылды.

Жылдық еске алуға орай ұлы Жангелдінің демеушілік көмегімен көркем, әсерлі, оқуға жеңіл жазылған дүние оқырманына жол тартты.

Аруақтың жылдық асы қабыл болсын.Жатқан жері жаннатта болғай !!!

Бергентай-Байбол Нұрмаханов