Табиғатты аялау жиыны нәтижелі өтті, мемлекеттік тіл мұқалғаны болмаса…

Бурабай курортты аймағында өткен ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасының геоғылым және геопарктер жайлы көшпелі мәжілісінде  «Қазақстанда ЮНЕСКО-ның жаһандық гео парктерін құру мүмкүндіктері» тақырыпында семинар кеңес болды.

Семинарға ЮНЕСКО және ИСЕСКО ісі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Әсел Өтегенова, Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер жөнiндегi ұлтты қ комитетінің төрайымы Диляра Вудворд, ЮНЕСКО-ның Париждегi штаб-пәтерiнен арнайы шақырылған спикерлер— ЮНЕСКО-ның Халықаралық Геоғалымдар мен геопарктер бағдарламасының директоры Патрик МАККИВЕР және ЮНЕСКО-ның Халықаралық Геоғалымдар мен геопарктер бағдарламасының консультантi — Сурен ГЕВИНИАН және Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Қайнарбеков бастаған алыс жақыннан келген табиғат қорғаушылар, туризим саласының мам андары қатысты.

Жиынға қатысушылар, семинар алдында Ақмола өңірінің туризим саласындағы жетістіктермен қатар, қолданбалы  өнер шеберлерінің көрмесін  тамашалады.

Кеңесті бірден ағылшынша бастап, сөз алған Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Ә.Өтегенова ханым : — Бүгінгі семинар мүдделi тараптардың Қазақстанда ЮНЕСКО-ның алғашқы геопарктерiн құру жөнiндегi диалогын бiрегей алаңмен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл шара, әсiресе Expo 2017 қарсаңында өтуімен өзекті. Сонымен қатар, 2050  Стратегиясын жүзеге асыруға ықпал жасап, табиғи ресурстардың сарқылуы мәселесiн зертейді.  Эко- және гео- туризмнiң дамуы халықаралық аренада Қазақстанның туристiк бағытындағы имиджiн көтеріп, еліміздің шикiзат өндiру тәуелдiлiгiн азайтуға ықпалы етеді. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясы 1992 жылдан бастап жұмыстай ды.  Комиссияның басты мақсаты ЮНЕСКО-ның құзыретi тиісті салаларда халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жасасу. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның iс-шараларына қатысу арқылы халықтардың өзара түсiнiстiгiне бағытталған рухани келiсiм, ынтымақтастық, бiлiм, ғылым, мәдениет сияқты әлеуметтік сала бағдарламаларын жетiлдiруге, мәдени мұраны қорғау, ақпарат бостандығын сақтау, жетілдіру үшін қызмет етедi. Комиссия жанында 6 ұлттық комитет жұмыстайды. Соның бірі, бүгінгі жиынға арқау болып отырған, жақында құрылған ЮНЕСКО жаһандық геопарктер iстерi жөнiндегi Ұлттық комитет деген, мәліметті көпшілікке жеткізді.

Келесі кезекте сөз алған Ақмола облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков үш тілде құттықтау сөз сөйлеп, көрікті Бурабай өңіріне ізгі ниетпен келген меймандарға қазақ еліне деген ыстық ықыластары үшін ақмолалықтар алғысын жеткізіп, төмендегі жайды атап өтті.

Бұл шара тек Қазақстанның азаматтарына ғана емес, шетелдіктерге де біздің еліміз туралы көбірек танып білуге пайдасын тигізеді. Пайдалы қазбалар, геологиялық құрылымның ерекшеліктері мен жұмыстарын таныстыруға мүмкіндік береді. Бурабай қайталанбас табиғатымен және емдік қасиеті бар климатымен әлемге әйгілі болар еді. Ұлттық паркті жергілікті тұрғындар мен демалушылардың жан-жақты қолдау міндеті тұр. Бұл демалушыларды әлемдік және отандық мәдениетке жетелеп, салауатты өмір салтына дағдыландырады. Біз осының бәріне бірлесіп қол жеткіземіз деген сенімдемін, – деді облыс әкімінің орынбасары А.Қайнарбеков.

dsc_5794-1

Семинардың негізгі тақырыбында ЮНЕСКО-ның Халықаралық Геоғалымдар мен геопарктер бағдарламасының директоры Патрик МАККИВЕР ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасы аясында  жаһандық геологиялық парктер құру және қәзіргі таңда жұмыстап тұрған парктер жайында арнайы әзірлеп әкелген бағдарламасын бейне баянмен көпшілікке таныстырды.

Ол өз сөзінде:- Әлемдегі 119 геологиялық парк жергілікті тұрғындарға мол табыс әкелетінін, жаңа жұмыс орындарын ашатынын атап өтті. Көптеген геологиялық парктер тау-кен өндірісімен де айналысады. Бұл жөнінде Қытай, Жапония, Англия, Германия, Ирландия тәрізді  елдердің тәжірибесі мол дейді. Мәселен, Пекиннің музей түріндегі геологиялық паркі жергілікті тұрғындарға кіріс әкеледі екен. Түскен қаржы пайдалы қазбалардың иелеріне беріледі. Бұдан 3 жыл бұрын Уругвайда геологиялық парк ашылып, туристік орындар пайда болған. Пайдалы қазбалары мол, әсем табиғатты, өлкесі көне мұраларға толы, ерекше жаратылысты табиғи орындарға бай, Қазақстанда да геологиялық парк болуы орынды  деп, баяндамасын аяқтады.

Аталмыш паркті ашу тәртібі жайнда  ЮНЕСКО-ның Халықаралық Геоғалымдар мен геопарктер бағдарламасының консультантi — Сурен ГЕВИНИАН  түсініктеме жасады. Сурен мырзаның қай ұлт екенін білмедік. Бірақ, орыс тіліне жеттік екен. Қазақстан жайлы біршама зертеп,  мол деректер жинағаны,  оның көрсеткен бейне баян, мәліметтері  Қазақстанда геопарк құруға мүмкіндік мол екенін атап көрсеткені деп, түсіндік.

Семинар барысында облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов, «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің директоры Әліби Ғазиз, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Талғат Ыбыраев Қазақстанда аталмыш паркті құру қажеттілігімен, оған қәзіргі кезде дайын тұрған көрікті Көкше жерінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері жөнінде  таныстырды.

, «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің директоры Әліби Ғазиз Бурабай курорты аймақтың табиғатына, тарихына, көне қорымдармен, мұраларының қыр сырын өте дәйекті дәлелдер келтіріп, ЮНЕСКО  өкілдерін қазақ жерінің иесімен, киесі барын мойындатып жіберді. Бұған, мойынұсынған  ЮНЕСКО өкілдері аймақты аралап көріп, шешім айтатындарын жеткізді. Ақмола өңірінде басқада геопарк орнатуға лайық елді мекендер жайында баянда ған,облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Талғат Ыбыраев баяндама жасады. Ол, өңірде Бурабай курорты аймағынан басқа Зеренді, Ерейментау, Қорғалжын өңірінде геопарк орнатуға сұранып тұрған аумақтардың көп екенін жеткізіп, біршама дерек, дәйекті, мәліметтер ұсынды. Баяндамашының мәліметі қомақты болғанымен, ренішіде болды. Т.Ыбраев мырза баяндамасын  мемлекеттік тілде дайындағынын, бірақ модераторлар қазақ –ағылшын тілінің леспе аудармашысы жоғын алға тартып, баяндаманы орыс тілінде жасауды талап еткеніне реніш білдірді. Бізде ыңғайсызданып қалдық. Селт еткендер аз болды шамасы. Біршама  журналистер болды,  істің мән жайын анықтауға ешкім талпынбады. Семинар кеңестің таныстыру баяндамалары бітіп, құрметті меймандар геопарқ орнататын өлкелерді аралауға аттанды.

Түйін.  Ел мүддесі үшін, ел жеріміздің әсем табиғатын қалпында  сақтау, мәдени мұрасын қорғау, ұлықтау, үшін халықаралық денгейдегі іс шаралар өте қажет екені белгілі. Сондай жиын бүгін болды, нәтижесіде бар. Жиында жастар үшінші тіл болып саналатын ағылшын тілінде тамаша сөйледі. Әсіресе, бас хатшы Ә.Өтегенова кеңесті бастынан, аяғына дейін, тек ағылшынша сөйлеп, елді таңдандырды. Бірақ, өзіміздің қайда отырғанымыз ды, кім екенімізді  біле жүрген жөн сияқты. Мәселе  жер жайында, ал жердің иесі қазақ , мемлекеттік тіл қазақ тілі. Бурабай аймағында жаз шыға халықаралық республикалық жиын күнде  болады. Жиын  ресми және ағылшын тілінде жүріліп, мемлекеттік тіл шетте қалады. Республикалық,әсіресе халықаралық жиынды ұйымдастырушы мемлекеттік органдардың  құзырлы қызметкерлері мемлекеттік тілді неге шеттете береді. Мемлекеттік қызметші, бірінші кезекте мемлекеттік тілді білуі, сөйлеуі, құрметтеуі міндетті емеспе. Неге міндетімізді ұмытып, қызметімізге салғырт қараймыз. Шет елге еліміздің әсем табиғаты жарнамалаған да,әсем  әуезді, көркем шұрайлы тілін қоса наихаттауымыз керек. Ал, оны танытатын, наихаттайтын  сізбен, біз, оның ішінде мемлекетік қызметшілер. Мемлекеттік тілде сөйлеу осы елдің әр азаматының абройлы борышы, міндеті. Кешікпей  Expo 2017.  Көрмеге қонақтар ағылары хақ. Қазақ елінде, ана тілі, мемлекетік тілде  сөйлей алмай тұрсақ… Сол өзекті өртейді…

                           Дахан Шөкшир.

Elana.kz