Төрт кесел – бір ем

☘️Таңғы асқа бір тілім нанға аздап бал мен даршын (корица) жағып жеуді әдет еткен жөн. Ол бірқатар аурулардың алдын алады. Жалпы, бал мен даршынның ынадай да көмегі бар:
☘️Холестерин мөлшерінің көбеюі: 2 ас қасық бал мен 3 шай қасық даршынды араластырыңыз. Оны 1 стакан қайнаған жылы суға салып ішу керек. Осылай сіз бар болғаны 2 сағат ішінде холестеринді 10% төмендете аласыз. Сусынды таңертең ішеді.
☘️Өт қабының инфекциясы. 1 стакан қайнаған су алып, 2 шай қасық даршын мен 1 ас қасық бал қосыңыз. Күніне 1 рет, 7-9 күн ішіңіз, инфекцияны тез жеңесіз.
☘️Артрит. Созылмалы артритті емдеу үшін 2 ас қасық бал мен 1 ас қасық даршын араласқан 1 стакан су ішуді бастаңыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мұны жарты жыл, мүмкіндік болса бір жыл жалғастырсаңыз жақсы. Күніне 2 рет осылай сусын ішу арқылы артритпен қоштасыңыз.
☘️Иммундық жүйені нығайту. Бұл қоспа денені вирустық және бактериялық инфекциялардан қорғау бағытында белсенді жұмыс істейді. Иммундық жүйені ынталандыру үшін күн сайын 2 ас қасық бал мен 1 шай қасық даршын қосылған су ішсеңіз жетіп жатыр.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)