Тәуелсіздік күні алған жеңісің құтты болсын, Расил!!!

Тәуелсіздік сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз үшін асыл мұратқа айналды. Сол мұратқа қол жеткізген біздің ұрпаққа одан асқан байлық жоқ, оған теңдес тірек жоқ.
Тәуелсіз елдің жастары — болашақтың бастауы. Жастар — болашақтың тұтқасы. Еліміздің дамуы жастарға тікелей байланысты. Жастары мықты елдің болашағы жарқын болары сөзсіз.

Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс.

Міне, осындай ұранды жанына жалау еткен Жаңатастық жастар да жетерлік. Солардың бірі Жаңатас көпсалалы колледжінің екінші курс білімгері Расил Талғат Алтайұлы.

Расил Талғат тәуелсіздік күніне орай өткен қол күресінен 2005-2012 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында Жаңатас жүлдесі үшін өткен аудандық біріншілікте 55 келі салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Заманның заңғар тұлғаларының бірі – Мыржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын», — деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақпен әрқашанда мақтанамыз.

Тәуелсіздік күні алған жеңісің құтты болсын, Расил!!!

Дариха Үмбетиярова