Түс

Мен намаз бен Алланың басқа бұйрықтарына алаңсыз едім. 1420 хижри жыл санауы бойынша рамазан айына дейін мешітке бармадым, Алланың кітабын оқымадым. Уйімде ұйықтап жатып, ерекше түс көрдім. Түсімде кереуетімде жатырмын. Әйелім келіп, мені оятуда. Мен одан:

— Саған не керек? — деп сұрадым. Бірақ ол естіген жоқ. Ол оятуын тоқтатар емес, мен одан тағы да не керегін сұрадым, ол сөздерімді естімеуде. Қорқып кетіп, менің бауырларымды шақыруға кетті. Олар сәлден соң дәрігермен келді, дәрігер мені тексеру үстінде.

Мен одан:

— Саған не керек? — деп сұрадым. Ол мені естіген жоқ. Менің бауырларыма бұрылып:

— Ол қайтыс болды — деді. Олар менің өліміме қайғырып, жылай бастады. Мен олардың мені не үшін естімейтінін түсінбейтін едім. Бұл қалай болғаны?!
Мен өз бауырларымды, әйелімді көріп, оларға сөйлеудемін, ал олар мені естімейді. Бір кезде олар жаназа жайлы айта бастады, жаназа намазына дайындалып : Егер ол жақсы болса, онда Раббысына жолығуды тездетеміз. Ал егер жаман болса, одан құтылуға асығайық — деп жатты. Мені шешіндіріп, жуындырып, кебінге орады. Кейін мені мазарға апарды. Мен жолда кездестірген барлық адамдарға тірі екенімді, өлмегенімді айтудамын, бірақ ешкiм естімейді. Мазарға келген соң, мені имамның алдына жерге қойды. Оралған күйімде имамға қарап: Мен тірімін! Сендер не істеп жатсыңдар? — дедім, бірақ ол да үнсіз. Бір кезде адамдар жиналып жаназа намазын оқуды бастады. Жаназа намазынан кейін мені тағы да көтеріп алып кетті, бірақ ол кезде қазылған қабірге еді. Жан жағымды адамдар қоршаған. Біреулер мені ұстап, қабірге жайғастырды.

Маған ең жақын тұрған адамға: Ей, доғарыңдар! Мені жерлеудің қажеті жоқ! Мен тірімін! — деп айқайладым, бірақ бәрі пайдасыз. Мені ағашпен жауып, топырақпен көме бастады. Сол кезде Пайғамбарымыздың (саллаллаhу алейхи уасаллам) бір хадисін есіме алдым: Еш күмәнсіз, өлген кісі көмілгеннен кейін, көміп кетіп бара жатқан адамдардың аяқ дауыстарын еститіндігін. Шынында да естідім. Сол кезде қараңғылықта, суық қара жерде жатқанымды түсіндім. Кенеттен екеуі келді. Біреуі ағымның жанында, бірі басымда тұрып, сұрақтар қоя бастады: Раббың кім?… Мен жауап берейін деп : Менің Раббым… Менің Раббым… — айтқым келді, білемін, бірақ кім еді, аты кім есіме еш түспеді. Кейін ол: Саған келген пайғамбар кім? — деп сұрады. Мен тағы да: Менің пайғамбарым… Менің пайғамбарым… одан артық жауап болмады.  Одан кейін: Дінің не? — деп сұрады. Ал менің ойыма әйелім, дүкендерім, байлықтарым, көліктерімнен басқа ештеңе түспеді… Өмірімдегі ең жаман сәттерім есіме түсуде. Мені қатты соққыға алуда, ал мен айқайлаудамын. Өзімнің қатты, ащы даусыммен үйдегі барлық ұйқыдағы адамдарды оятып жібердім.

Қорқып кеткен әйелім: Не болды? Не үшін айқайлап жатсың? Мүмкін жедел жәрдем шақырамыз? — деп сұрап жатыр.

Сол кезде оның жәй ғана қорқынышты түс екеніне көзім жетті. Артынша таңғы намазға азан шақырылып жатты. Осы жерден менің өмірімнің жаңа парақтары ашыла бастады. Бұл қорқынышты түс менің тәубеге келуіме, тура жолға түсуіме, барлық жамандықтан алшақтауға себепші болды. Намаз оқуды, Раббымның бұйрықтарын орындауды бастадым. Аллаға шүкір, мені адастырып қоймады, әйелім, бала-шағам, бауырларыммен бірге бақытты өмір сүрудеміз.
Сөз соңында жанымызды аларда, бізді мұсылман күйінде алуды нәсіп етсін…

Расында бізге НАМАЗ (жаназа намазы) оқылмай жатып, біз намаз оқуды бастауымыз керек!

Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы