ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ҚАТАРЫНАН БЕСІНШІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жиырма бесінші туры өтті. Түркістан облысының «Мақтаарал» командасы «Тұранмен» шеберлік байқасты. Бұл ойын аса маңызды еді. Себебі жеңген команда премьер-лигада қалуға мүмкіндік алатын. Тартысты матчта «Мақтаарал» командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл – мырзашөлдіктердің қатарынан бесінші жеңісі еді. Осы арқылы жас команда премьер-лигада қалу мәселесін түбегейлі шешті.

Айта кетейік, «Мақтаарал» командасы 2011 жылы құрылған. 2021 жылғы бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан 2-ші орынды жеңіп алды. Осылайша ауданның командасы облыстар мен мегаполистердің командаларымен иық тіресу үшін премьер-лигаға шықты. Әрине, бұл – шағын ғана ауданның тұрғындары үшін өте үлкен қуаныш.

«Мақтаарал» командасы 30 ұпаймен тоғызыншы орында тұр. Соңғы турда «Ордабасымен» кездеседі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі