ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ ДОЙБЫДАН РЕСПУБЛИКА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Шымкент қаласында дойбыдан Қазақстан Республикасының ересектер және жастар арасындағы чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының дойбышылары 5 алтын, 5 күміс және 4 қола иеленіп, командалық есеп бойынша көш бастады. Шымкент қаласы жүлделі екінші орынды иеленсе, қарағандылық дойбышылар үшінші орынды қанжығасына байлады.
Облыс құрамасы сапында жүлдегер болған спортшылар: Айбек Наралиев (ерлер, классика — алтын), Вероника Тен (әйелдер, классика — алтын), Есбол Еренғайып (ерлер, рапид — алтын), Айбек Наралиев (20 жас, блиц — алтын), Есбол Еренғайып (ерлер, блиц — алтын), Әділхан Азамат (23 жас, классика — күміс), Әділхан Айшабибі (20 жас, рапид — күміс), Айбек Наралиев (ерлер, рапид — күміс), Әділхан Айшабибі (20 жас, классика — күміс), Әділхан Азамат (23 жас, блиц — күміс), Мырзахан Нұрбол (20 жас, рапид — қола), Вероника Тен (әйелдер, рапид — қола), Есбол Еренғайып (ерлер, классика — қола), Әділхан Азамат (23 жас, рапид — қола).
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі